Сайрам ауданының әкімі есеп берді

471
30.11.2022 03:59

Түркістан облысындағы Сайрам ауданынң әкімі Ұласбек Сәдібеков 10 айлық жұмысының есебін берді. Оның сөзіне сенсек елдімекенде ауыз су, жол мәселесі, өз шешімін тапқан. Алайда жайылымдық жерлердің жыры әлі бітер емес. Ол түйіткілді шешу үшін бір шама уақыт қажет екен. 

Ұласбек Сәдібеков ауданда жайылымдық жер мәселесі бар екендігін жасырмады. Себебі Сайрам ауданы өзге аудандармен салыстырғанда жері аз, әрі халқы тығыз орналасқан аймақ болып саналады. Сонымен қатар жертелімдердің барлығы жеке адамдардың қолдарына өтіп кеткен. Сондықтан халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз деді. 

Сайрам ауданында жер мәселесімен қатар ауыз су мәселесі де өзекті. Мәселен Әйтеке би жаңа құрылыс аумағында тіршік көзі әлі өз шешімін таппай келеді. Аудан әкімі келесі жылы бюджеттен қаржы бөлінген кезде ғана жұрт судан тапшылық көрмейтіндігін айтты. 

Ұласбек Сәдібеков аудандағы барлық мәселелер өз уақытымен шешіледі деп уәде етті. Одан бөлек, аудан әкімі келесі жылы бірнеше ауыл көгілдір отынға қосылатынын жеткізді. Биыл ұлттық қордан 6 елдімекенді табиғи газбен қамтуға 1,4 млрд тг бөлініпті. Ал келесі жылы тағы 2,4 млрд тг көлемінде респубикалық бюджетке ұсыныс берілген.