Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

332
29.11.2022 10:58

Түркістан облысында жолда қалып қойған 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Кентау-Шолаққорған тас жолының 55-і шақырым жеріндегі Ащысай асуында қалып қойған 35 адам құтқарылды. Көктайғақтан автокөліктердің кептелісі пайда болып, жолдар жабылып қалған.

«2 жүк көлігі мен 8 жеңіл автомобиль жолда қалып қойған. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері көліктерді сүйреп шығарып, ішіндегі 35 адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Олардың ішінде 2 бала бар» делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысында көктайғақтан Ащысай-Шолаққорған жолы жабылғанын хабарлаған болатынбыз.