Түркістан облысында көктайғақтан Ащысай-Шолаққорған жолы жабылды

327
29.11.2022 09:09

 Түркістан облысында көктайғақтан Ащысай-Шолаққорған жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысының шекарасынан – Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» бағытындағы КХ-56 тас жолының 40-76 шақырымында жол жабылды», - делінген 112 қызметінен таратылған ақпаратта.

Ал, қазіргі таңда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Арнайы бекеттерде көліктердің өтпеуін қадағалап, ескертулер жасауда.

Айта кетейік, кешелі бері күн райының бұзылуына байланысты Түркістан облысындағы жағдай күрделене түсті. Жаңбырдан соң күн суытып, жолдарды көктайғақ басты.