Күні кеше қазақ әдебиеті қара жамылды...Көркем сөздің шебері, жазушы, журналист Мархабат Байғұт бұл жалғаннан мәңгілік өмірге аттанды.Қазақ әдебиеті мен руханиятына сүбелі үлес қосқан қабырғалы қаламгермен қоштасуға марқұмның ет жақындарынан бөлек, ұлт зиялылары,оқырмандары мен шәкірттері жиналды.
Бұл Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театры. Бұл жолы оңтүстік жұртшылығы театрда қойылатын қойылымға емес, қазақтың маңдайына біткен сүйікті азаматын ақтық сапарға шығарып салуға жиналды.Жазушының жерлесі, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі, Дархан Қыдырәлі де құрметтің азаматтың игі істерін айтып, көзіне жас алды.
Жазушы, журналист, драматург, аудармашы, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт 1945 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Пістелі ауылында дүниеге келген. Жампоз жазушы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң Сібір және Забайкалье округтерінде әскери борышын өтеген. Алғашқы еңбек жолын Түлкібас аудандық газетінде корректор,аудармашы болып бастаған. Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Дауыстың түсі», «Қорғансыз жүрек», «Машаттағы махаббат «Іштарлық пен құштарлық», т.б. прозалық және публицистикалық кітаптары бар.
Жиналған жұртшылықтың қарасы қалың болды. Бірі асқар тау әкеден,бірі демеу болған ағадан, енді бірі шығармашылық иесі қаламын ұштаған ұстазымен қоштасты. Түлкібасынан шығып Түркі әлеміне танылған тау тұлға өзі туған Түлкібасқа әкесімен ұлының жанына жерленді.
️