Түркістанда отандық жөргектер таныстырылды. Бұл бірегей бастама Түркістан облысында қолға алыныпты. Сәбилер тұтынатын басты тауардың шетелдік танымал брендтерден несімен артық?
Әр теледидар жарнамасында көрсетілетін шетелдік жөргектер енді Қазақстанда, атап айтсақ, Түркістан облысында өндіріледі. Одан бөлек, әлдеқайда арзан бағамен сәбилерді және олардың ата-аналарын қуантпақ. Сапасы болса, шетелдік әйгілі брендтерден озық болмаса, кем емес.
Кәсіпкер тұңғыш отандық жөргектердің таныстырылуын өзге емес, дәл осы Түркістан қаласында өткізуді жөн көрген. Бұған қуанған қала тұрғындары, сауда орталығын лық толтырып, ине шаншыр жер қалдырмаған. Тіпті, жиналған жұртқа таратылуы тиіс сыйлықтар жетпей қалыпты.
Кәсіпкер алдағы уақытта күнделікті қажет бұл тауарды алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлеріне жеткізу басты жоспар дейді. Ары қарай, бәлкім, шетелге экспорттау мәселесінің ауылы да алыс емес екен.
️