Түркістанда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі басталды

340
29.11.2022 03:46

Түркістанда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі басталды. Мұнда қала тұрғындары сапалы аяқ киімді қолжетімді бағада сатып ала алады. Сатылымдағы өнімдер қой терісінен жасалып, таза былғарымен қапталған. Желтоқсанның 1-не дейін жалғасатын жәрмеңке жайлы әріптесіміз Назым Қайратқызы айтып берсін.

Беларусь аяқ киімінің жәрмеңкесінде 36-дан 44-ке дейінгі өлшемдегі әйелдер аяқ-киімдері, 40-тан 49-ға дейінгі өлшемдегі ерлер аяқ киімдері ұсынылған. Мұнда жаз, қыс  мезгіліне арналған жалпы маусымдық аяқ киімдердің кең таңдауы бар.  Әрі бағалары да қолжетімді!

АЛЕНА СОТСКОВА - САТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР - Біз сіздердің қалаларыңызға  бірінші рет келіп тұрған жоқпыз. Адамдар бізге сапалы әрі қолжетімді баға үшін келеді. Аяқ киімдердің барлығы таза былғарыдан, іші қой терісінен жасалған, табанында сырғып кетпейтін, су өткізбейтін негізі бар. Ал аяқ сүйегі шығыңқы  немесе майтабан секілді проблемалары бар жандар үшін жәрмеңкеде ортопедиялық аяқ-киімдер ұсынылған. Түркістандықтарды сапалы аяқ-киімді тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз!

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі Түркістанда 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Айта кетерлігі мынадай сапалы, жайлы, жылы аяқ- киімнің екеуін сатып алсаңыз, арнайы жеңілдікке ие боласыз!

НАЗЫМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ - ТІЛШІ - Құрметті көрермендер, жәрмеңкеге асығыңыздар! Өйткені мұнда қойылған аяқ-киімдердің саны шектеулі. Ал өнім өте сапалы, жұмсақ, ыңғайлы, ал ішін мінекей көрсеңіздер өте жылы екен.

Сапалы аяқ киімдер жәрмеңкесі Бекзат Саттарханов көшесі 2 мекен-жайында орналасқан Саттар Ерубаев музейінде өтіп жатыр. Қысты беларусь аяқ-киімдерімен бірге жылы өткізіңіз!