Елімізде жанар жағармай жеткілікті. Қорда 195 тонна бензин, осынған шамалас дизель отыны бар. Ал, бензин тапшылығын Энергетика министрліктегілер мамыр-маусым аралығында Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына жөндеу жұмыстары жүргендіктен дейді. Бүгінде барлық қондырығылар орнатылып, жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған. 13 шілдеден бастап жанар жағармай беруді қайта бастады. Оңтүстік өңірлерде мұнай өнімдерін тәулігіне 5,3 мың тонна бензин, 5,5 мың тоннаны дизель отыны жеткізілді.
️