Елімізде сенат депутаттарының сайлауы өтетін болады

396
29.11.2022 03:32

Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы қаңтардың 14-і күні өтетін болады. Бұл жөнінде бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Ал ертеңнен, яғни қарашаның 29-ы сағат 18:00-ден бастап кандидаттарды ұсыну басталады. Бұл науқан желтоқсанның 14-не дейін жалғасады. Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы, соңғы 10 жылда елде тұрған, жасы 30-дан асқан асқан болуы керек. Сондай-ақ, жоғары білімі мен 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болып, оны ұсынған аймақта кемінде 3 жыл тұруы тиіс. Сенат сайлауына еліміздің 20 өңірінен бір-бір депутат ұсынылады. Сенат депуттарының сайлауы екі әдіс бойынша өтеді. Біріншіден, саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихат өкіл арқылы кандидатураларды ұсынады. Екіншіден, үміткерлер өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатыса алады.