Алматыда үш адамды субұрқақтағы тоқ соқты. Куәгердің айтуынша, екі кішкентай қыз суға түсіп, тоқтың әсерінен темірге жабысып қалады. Кесірі, құтқармақ болған анасы да тиген. Оларға Абылай есімді тұрғын көмектесіп, өзіне зияны тисе де үшеуін кезек-кезек судан шығарып алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жауаптылар, оқиға болған күні техникалық мамандар субұрқақтың қондырмасын тазалап, қалыпты режимде жұмыс істегеніне көз жеткізген,- дейді. Осыған қатысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев твитттердегі парақшасында пікірін білдірді.
️