Біріккен «Қазавтожол» мен «Қазақавтодор» жаңа тұжырымдамасын таныстырады

186
24.11.2022 10:31

«ҚазАвтоЖол мен «Қазавтодор» бірлескен компаниясы бірнеше жылға арналған автожолды дамытудың жаңа тұжырымдамасын таныстырады. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін елордада «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге алыс-жақын шетелдерден өкілдер келді. Шараның мақсаты – шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу. Біз осы секілді көрмелерді жиі өткізу керек деп ойлаймыз. Биыл автожол саласына сын пікірлер айтылды. Осы орайда бүгінгі көрме бізге тәжірибе алмасуда маңызы зор. Көрмеге шетелдік компаниялар өздерінің арнайы техникаларын әкелді. Жол саласы мен техникаға қатысты өзекті мәселелер ортаға салынады», - деді көрменің ашылуында «Қазавтожол» баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.