Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» додасы басталды

310
24.11.2022 05:17

Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» басталды. Халықаралық турнирде Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.