Халықаралық жастар саммиті

177
22.06.2021 00:24

«Түркістан – түркі әлемінің бесігі». Бүгін көне шаһарда түркі елдері жастарының халықаралық саммиті басталды. Оған Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ғалымдар мен жастар саясаты жөніндегі кеңес өкілдері, жалпы 200-ге жуық адам қатысты. Үш күнге созылатын шараның алғашқы күнінде қонақтар өңірдің киелі жерлеріне экскурсия жасады. Басқосудың негізгі мақсаты – түркі елдері жастарына ортақ тарих, мәдениет, дәстүр мен құндылықтарды насихаттау. Ең бастысы, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы»  идеясын ілгерілету.