Ұлытауда алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан күдікті топ ұсталды

120
24.11.2022 05:10

Ұлытау облысында алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар аймақтың полиция қызметкерлерінің жедел іс шаралар жүргізуінің нәтижесінде құрықталды. Құқық қорғау өкілдері бағалы кенді заңсыз өндірумен 30 және 41 жас аралығындағы 7 азамат айналысқанын айтады. Оқиға орнынан экскаватор, су айдауға арналған құбырлар және 83 қап алтын тәркіленді. Сондай-ақ қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар 2 күдікті ұсталды. Қазір аталған іс бойынша қылмыстық  кодекстің 334 және 287 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.