Таразда «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шықты. Қызметкерлердің айтуынша, кәсіпорын басшылығы жұмысшыларды балағаттаған. Сондай-ақ жиналғандар қордаланған мәселені де көтерді. Олардың сөзінше, жалақы мөлшері – 150-180 мың теңге аралығында. Сондай-ақ олар әлеуметтік жағдайы өте нашар екенін, еңбек қауіпсіздігі сақталмайтынын айтты. Мәселе ушығып бара жатқан соң облыс әкімдігінің қызметкерлері келіп, қызметкерлермен кездесті. Онда айлықты көтеру, жұмыс зияндығы туралы төлемақыны қайтару, арнайы киіммен қамтамасыз ету жағдайлары сөз болды. Сондай-ақ осы жағдайдан кейін «Қазфосфат» басшылығы кешірім сұрап, жұмысшылардың намысына тиген компания өкілі қызметінен кеткен.
️