Мақтарал ауданының әкімі тоғыз айды қорытындылады

178
24.11.2022 04:47

Биыл Түркістан облысында мақта бағасы шаруалардың басты мәселесі болды. Жетісай мен Мақтаралдық диқандар дамыл таппай өсірген «ақ алтынның» пайдасын қашан көреміз деп сабылды. Жергілікті билік пен шаруалар шулап жүріп, бағаны 200 теңгеден 350-370 теңгеге дейін көтеруге ықпал етті. Қазір өңірде қанша тонна мақта жиналды? Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, аудандағы өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.