Түркістан облысына инвестиция тарту мақсатында ауқымды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд. теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Нәтижесінде 110 млн.м3 таза су алынып, Түркістан облысының оңтүстігіндегі 1 млн. халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешіледі. Жоба бойынша мәселелерді талқылау үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты корпорацияның өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар отырыста «Састөбе инновациялық кешені» жобасы бойынша ортақ мәселелер талданды. Бұл бағытта электр жарығымен қамту жүйесінің құрылысын тездету мәселесі көтерілді. «Састөбе» химиялық кешені – біргей жоба. Бүгінде Қазақстанда оған ұқсас зауыт жоқ. Аталған жобаны іске асыру Қазақстандағы химия саласын дамытуға зор серпін бермек. 2024 жылдың екінші жартысында ашылатын өндіріс орнында 1000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
️