Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады

348
21.11.2022 05:33

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Қазіргі уақытта Қазақстанда және шет елдердегі учаскелерде дауыс санын есептеу аяқталған.

Дауыс беруге құқылы азаматтардың 69,44%-ы (8 300 046 адам) бюллетень алған.

Сайлау қорытындысына сәйкес Тоқаев сайлауда жеңіске жетті. Кандидаттар дауысы келесідей:

Қарақат Әбден – 2,6%

Нұрлан Әуесбаев – 2,28%

Жигули Дайрабаев – 3,42 %

Мейрам Қажыкен – 2,53%

Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%

Салтанат Тұрсынбаева – 2,12%