Үздіктер марапатталды

171
18.06.2021 13:08

Бүгін Түркістан қаласында «Медицина қызметкерлері күніне» орай үздік дәрігерлер марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов сала мамандарын 6 номинация бойынша марапаттады. Жалпы аймақта бүгінде 24 мыңға жуық медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігер болса, қалғаны – орта буын мамандары. Ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індет жұқтырған 6 жарым мыңдай науқас құлан-таза айыққан. Марапаттау рәсімінде әсіресе пандемия кезінде жоғары кәсіби біліктілігі және жанқиярлық еңбегімен дараланған дәрігерлер ерекше қошеметке бөленді.