«Болашақ» бағдарламасының түлектері Тұран төрінде бас қосты. Әлемнің озық жоғары оқу орындарында білім алғандар жаңа жұмыс орындарын ашып, тренингтер өткізіп, алған тәжірибелермен бөлісіп жүр. Әсіресе, Түркістанның туризмін тіктеп, қоғамдық тамақтану орындарындағы қызметтің жақсаруына үлес қосуда. Өйткені, туристердің қатарын арттыру дәл осы қызмет түріне тікелей байланысты,-дейді түлектер. Айта кетейік, елімізде «Болашақ» бағдарламасы арқылы 28 жылда 11 мыңнан астам студент білім алды. Түлектер әр салада қалтықсыз қызмет етіп, бәсекеге қабілетті мелекет қалыптастыруда үлес қосуда. Биыл, аталған бағдарламаға 1055 грант бөлінген. Ниеттілер 20 елдің 207 университетінде білім ала алады.
️