"Darhan Dala" жобасы

112
18.06.2021 13:06

Киелі орындарға зиярат жасаудың өз әдебі бар. Өкінішке қарай елімізде кесенеге келушілер арасында қабірге табыну, жөнсіз әзіл мен орынсыз күлкіге жол беру, қала берді құнды жәдігерлерге зақым келтіру секілді әрекеттер жиі ұшырасады екен. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласына келіп, журналистермен кездесу өткізген Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Наурызбайқажы Тағанұлы айтты. Осы ретте Бас муфти халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жалпы елімізде туризмді дамыту мақсатында «Darhan Dala» жобасы іске қосылатынын мәлімдеді. Жоба ҚМДБ бастамасымен қолға алынып отыр. Экспедиция мүшелері Түркістан қаласы мен өзге де өңірлердегі мәдени тарихи, киелі орындарына саяхат жасап, мыңдаған шақырымды жүріп өтпек. Сондай-ақ, Түркістанның туристік әлеуетін ескере отырып киелі шаһардан «Darhan Dala Travel» кеңсесін ашу жоспарлануда.