Арыста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық ашылды. Жергілікті кәсіпкер пандемия кесірінен тоқтап қалған тойханасын осылай өзгерткен. Бұрын той өткізетін енді енді ерекше мұқтаждығы бар қоғам мүшелерінің бір сәт көңіл сергітер мекеніне айналды. Мұнда келушілер кітап оқып, интернет алаңында компьютермен жұмыс істей алады. Сондай ақ мұнда спортпен айналысуға да бар жағдай жасалған. Ғимараттың екінші қабатында зағиптарға арналған Брайл әліпбиі негізінде жазылған әлемдік және қазақ классиктерінің шығармалар жинағы топтастырылған. Айта кетейік, Арыс қаласында үш мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар.
️