Түркістан
EN

Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

227
18.11.2022 10:19

Қарағанды облысында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі жариялады. Алдын-ала болжам бойынша, рельстен шығу жеке меншікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Сондай-ақ бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бүгінде болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 

️