Жамбыл облысында таулы аймақта жоғалып кеткен үш адам табылды

221
18.11.2022 04:20

Жамбыл облысындағы таулы аймақта жоғалып кеткен 3 адам табылды. Олар Шымбұлақ ауылынан 15 шақырым қашықтықтағы тау бөктеріндегі аумақтан трактормен мақсары шабуға кеткен екен. Содан ізім-ғайым жоғалған. Оларды іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ауылдастарын табу үшін жергілікті тұрғындарда білек сыбана кірісіпті. Қараңғы түсіп, ауа-райының күрт бұзылуы салдарынан іздеу жұмыстары бір тәулікке созылғанымен, үш азамат  Шымбұлақ ауылынан 40 шақырым жерден аман-есен табылды. Олар трактордан шықпай, көмек күтіп отырыпты.