Алматы облысында оқушыны жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті

178
18.11.2022 04:09

Мектеп оқушысын жаяу жүргінші жолағында көлік қағып кетті. Алматы облысында болған қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда мектеп оқушысының жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқаны көрінеді. Бірақ қатты келе жатқан көлікті көріп, жүгіремін дегенде құлап қалған. Ал жүйіткеп келген темір тұлпар баланы басып кеткен. Салдарынан ауыр дене жарақат алған оқушы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама жұмыстары тағайындалды.