Сауда - саттық екі есе артқан

291
18.06.2021 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда үстемдік етуде жарыспайды. Керісінше екі ел экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестіктің дамуын көздейді. Бүгін бұл жайында Ташкентте өткен “Өзбекстан-Қазақстан: өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы мен келешегі” атты дөңгелек үстел барысында айтылды. Соңғы 4 ай ішінде екі ел арасындағы сауда-саттық екі есеге жуық артқан. Өзбекстан өздерінің жеміс-жидектері мен көкөністерін жеткізсе, Қазақстан оларға ұн, құрылыс материалдарын экспорттауда. Айта кету керек, биыл Қазақстан мен Өзбекстанның дипломатиялық әріптестігіне 29 жыл толады.