Қарқаралы тұрғыны ұлт ұстазының бейнесін тасқа қашап салды

215
10.11.2022 10:30

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының білім бөлімі ғимаратының алдына Ахмет Байтұрсынұлының тасқа қашалған бейнесі қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тастұғыр өте тартымды әрі қанық етіп жасалынған. Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан басшысы Ерлан Бейсембайұлы Құсайын, есркеткіш авторы Манарбек Кәрім, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер ұстаз Мейірхан Қасымжанұлы сөз сөйлеп, жиылған қауымды осындай игі шарамен құттықтады.