Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Сауран спорт клубы ашылды. Бұл туралы Отырар аудандық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшылығы мәлім етті. Қазіргі таңда ауданда 1-2 топтағы 130-ға жуық зағип жандар бар. Оның 75-сі қоғамдық бірлестікке тіркелген. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі зағиптарға аудан әкімі тарапынан қандай жәрдем берілуде? Толығырақ тілші тарқатсын
Зәуре Айтек Ордабасы ауданының тумасы. Бүгінде Түркістан облыстық қазақ соқырлар қоғамы бастауыш ұйымының өкілі. Ол мәдени шараны ұйымдастырушыларға алғыс айта келе, көз жанарынан айырылған жандарды спортпен айналысуға шақырады.
ЗӘУРЕ АЙТЕК - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ» БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ - Бізде мықты жігіттер, мықты қыздар өте көп. Әлі білмеген естімеген. Айтар едім штангіден қорықпаңыздар. Келіп қатысып. Олар бірден 100 кг штангіні мә деп көтер деп айтпайды. Дайындық, дайындық жасап, биік белестерден көрініп солай жасауға болады.
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған жиынға Түркістан облысы мен Шымкент қалаларынан да зағиптар жиналды. Сонымен қатар бас қосуға аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай арнайы келіп қолдауын білдірді.
Қоғамдық орталықта мамандар адамды жаңа өмірге бағыттайды. Аталмыш ұйымда зағип жандар өлең жазады, ән шырқап, би билейді, тіпті жеңіл өнеркәсіпте де жұмыс істейді. Сондай-ақ үкімет тарапынан оларға жәрдемақы беріліп, ұялы телефондармен қамтамасыз етілген.
Жиын соңында мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға арналған концерт ұйымдастырылып, аудандық кәсіпкерлер тарапынан ақшалай көмек берілді.
️