Алаш ардақтысы Түркияда ұлықталды

486
07.11.2022 04:34

Алаш айдыны Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы Түркияның Денизли қаласында аталып өтті. Жергілікті Памуккале университетінде ұлт ұстазының мейрейтойына орай халықаралық конференция өтті. Қазақ пен түрік ғалымдары Ахмет Байтұрсынұлының күреспен өткен тағдыры мен шығармашылығын сөз қылды. Шара барысында Түркиялық алаштанушы Нергиз Бирайдың  "Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазбалар және мақалалары" атты кітабының тұсаукесері өтті. Конференцияла алаш ардақтысының есімін ұлықтаған ғалымдарға Қазақстан президенті Қасым-жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табысталды.