Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген тау арқарын ұстап, сойып алған Бәйдібек ауданының тұрғыны ұсталды. Бұл "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Табиғатты қорғау тобының инспекторы таулы аймақта атқа мінген ер адамды байқап не мақсатпен жүргенін сұрастырған. Полицейлер ер адамнан жауап алу барысында, ол қабында арқардың еті бар екенін, оны ұстаған кезін тіпті ұялы телефонына түсіріп алғанын айтқан.
МАНСҰР АМАНБАЙ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: «Бүгінде бұл дерек Қылмыстық деректің 339-бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша тіркеуге алынып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».
️