Індет бәсеңдеді

90
17.06.2021 22:07

Елімізде соңғы екі аптада өлім-жітім көрсеткіші 2 есеге азайған. Өңірлердегі эпидахуалдың жақсаруына байланысты ауруханаларда ем қабылдап жатқандар да кеміген. Бүгінде індеттен 21 132 адам ем қабылдауда.  Сондай-ақ, COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның бірінші компоненті 2 миллион 627 мың, екінші компоненті 1 миллион 527 мың адамға салынған. Күн сайын шамамен 80-100 мың азамат екпе егіледі екен. Айта кетейік, қазір Қазақстан «жасыл» аймақта тұр.