Астанада лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамның ісіне қатысты сот үкімі шықты. Елнұр Байметов енді 4 жыл 8 айын темір торда өткізеді. Және жәбірленушіге материалдық шығын ретінде 4 миллион теңге өтемақы төлеуге міндетті. Қылмыстық Кодекстің 58-ші бабымен сотталған жігіттің жеделсаты ішінде әйелін аяусыз тепкілеп, қорлық көрсетіп жатқан видеосы әлеуметтік желіде биылғы жылдың мамыр айында тараған еді. Келіншектің төрт жерден омыртқа сүйегі мен сегізкөзі сынған болатын. Жәбірленуші тараптың айтуынша, тергеу барысында сот-медициналық сараптама отасқан 4 жылда әйелдің 10 рет бас-миы шайқалғанын анықтаған. Тіптен қақаған аязда кемі жарты сағатқа балконға қамап қойған жағдайларда болған екен.
️