Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Белгілі болғандай, патрульдік полиция Мерседес бенз көлігінің иесіне әкімшілік шара көріп тұрған кезде Шымкент бағытына қарай кетіп бара жатқан Лада автокөлігі абайсызда артынан келіп соққан. Осыдан кейін Мерседестің иесі алдында тұрған полицейдің көлігіне соқтығысқан. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жол апаты салдарынан Лада автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
️