Түркістанның жасыл белдеуі 30 мың гектарға дейін ұлғаяды

300
07.11.2022 04:02

Түркістанның «Жасыл белдеуі» 30 мың гектарға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда барлығы 13629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар аймақ экологиясының тұрақтануына оң әсерін тигізеді. Мәселен қазірдің өзінде Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген.