Мемлекет және қоғам қоғам қайраткері Асанбай Асқаровқа - 100 жыл!

475
07.11.2022 04:00

Мемлекет және қоғам қоғам қайраткері Асанбай Асқаровқа - 100 жыл! Ерен тұлғаның ғасыр тойы облыс орталығы Түркістанда ерекше аталып өтті. Ұлы дала елі орталағында арнайы көрме мен «Елім деген ер Асанбай» атты танымдық конференция ұйымдастырылды. Оған 200 астам әр өңірден келген қонақтар қатысты. Толығырақ Бекпатша Бексұлтанның материалында. 

«Ұлы Дала елі» орталығында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы аясында» танымдық конференция өтті. Еліміздің әр өңірінен келген қонақтар алдымен ұлы тұлғаның құрметіне ұйымдастырылған «Ұлы тұран перзенті» атта көрмені тамашалады. Мемлекет қайраткерінің ел басқарудан бөлек, әдеби және ғылыми еңбектердің авторы екенін көбісі біле білмейді. Көрмеге қайраткердің 10-ға жуық кітабы қойылған.

Одан кейін Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысынан арнайы келген Асанбай Асқаровпен қызметтес болған түрлі саланың ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, туыстары, өңірдің азаматтары мен белсенді жастардың қатысуымен жиын өтті. Ел руханияты үшін маңызды шараны облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ашып берді.

Басқосуда елдік пен ұлттық мүддені алға қойған ерең азаматтың шәкірттері мен қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен ғалымдар тарихи тұлғаның өмірі мен еңбек жолындағы тың деректерді айтып, естеліктерімен бөлісті. 

Ширек ғасыр лауазымды қызметтер атқарған Асанбай Асқарұлы алғашқы еңбек жолын ұлағатты ұстаздықтан бастаған. Жиынға қатысушы түркістандық мұғалім қиын қыстау Кеңес дәуірінде қазақ үшін талмай қызмет еткен қайраткердің өмір жолы көпшілікке өнеге екенін айтады. 

Мемлекет қайраткері 7 жылдан астам уақыт Оңтүстік өңірді басқарып тұрған сәтте Шымкенттегі қоқыс тастайтын алқапты жасыл желек Дендросаябақ демалыс аймағына айналдырды. Хайуанаттар бағы мен өзге де нысандар бой көтеріп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарыштап дамыды. Жиынға қатысушылар мемлекет және қоғам қайраткерінің тұлғасын ашу, еңбегін насихаттау барысында Түркістан қаласынан Асанбай Асқарұлына көше мен мектеп атын беру туралы пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.