Түркістандықтар өз сайлау учаскесін анықтай алады

426
04.11.2022 11:03

20 қарашада Қазақстанда ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Түркістан облысының әкімдігі тарапынан тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің qov.kz ресми интернет-ресурсы жұмыс істейді. 

Бұл ретте, 24/7 режимде Call - орталық 109 бен телеграм-бот @tur_sailaw_bot арқылы тұрғындар қай сайлау учаскелерінде дауыс беретіндігі туралы ақпарат ала алады. Атап айтқанда:

1. Веб-қызмет: qov.kz

2. Telegram-дағы Чат-бот: @tur_sailaw_bot

3. Call – орталық бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.