Түркістан облысының Қазығұрт ауданында ұсақ малдан бруцеллез анықталып, екі елдімекенге шектеу енгізілді. Аудандағы Қаржан елді мекені мен Қызылата ауылындағы 20-дан астам үйдің қорасындағы қой мен ешкі түліктерінен ауру шығуына байланысты тиісті әкімдіктер карантин режимін белгілген. Ауруды жұқтырған ұсақ малдың саны әзірге белгісіз. Еске салай кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Надежка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, елдімекен карантинге жабылған болатын.
️