19 маусым – медицина мамандарының төл мерекесі. Халық денсаулығы, медицинаны қолдау және салауатты өмір салтын ынталандыру еліміз үшін қашанда маңызды басымдықтардың бірі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, назардан тыс қалған емес. Нәтижесінде ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып, ақ халатты абзал жандардың әлеуеті артты.
️