Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ жерінен велосипедпен шыққан журналист Ернат Мелсұлы стамбұлға жетті. Түркия төрінде оны қандастарымыз бен еліміздің консулдық өкілдері күтіп алды. Ахмет Байтұрсынұлының туған жері торғай өңірінің бір уыс топырғанын алып шыққан велошабандоз қостанай, ақтөбе, маңғыстау облыстары арқылы грузия мемлекетімен шекаралас қопа бекеті арқылы анадолы жеріне өтті. Түркияның 10 нан аса қаласын басып өтіп, стамбұлға ат басын тіреді. Ернат әріптесімізді күтіп алу шарасы зейтінбұрны ауданындағы абай құнанбайұлы ескерткішінің жанында болды.
️