Түркістан қаласында «Сергек» жобасы өз жұмысын қайта күшейтпек. Бұл туралы облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқарманының бас маманы мәлім етті. Қазіргі таңда Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойына 40 дана аппараттық бағдарлама кешендері орнатылған. Жолдарға орнатылған кешендердің нәтижелері былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір жақсарған. Облыс бойынша жалпы жол көлік оқиғалар өсімі 23 пайызды құраса, «Сергек» кешені орнатылған жерлерде 5 пайызға ғана өскен. Сондай-ақ қаза тапқандар саны 1 пайыз, ал кешен орнатылған жерде 6 пайызға төмендеу байқалады. Ал зардап шеккендердің саны 27 пайызға төмендесе, кешен орнатылған жерде 4 пайызға азайған.
️