Түркістан қаласында екі күнге созылған аламан айтыс өз мәресіне жетті. «Конгересс-Холл» орталығында өткен сөз барымтасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ақтық мәреге жолдама алған 10 айтыскер 5 жұп болып өнер көрсетті. Нәтижесінде Жансая Мусина мен Аспанбек Шұғатаев 2 орынмен марапатталса, суырып салмалығы мен тапқырлығының арқасында Мұхтар Ниязов 1 орынды иеленді. Бас жүлде жас ақын Дәурен Ақсақаловқа бұйырды.
️