Жол апаты азайған

136
17.06.2021 21:46

Жыл басынан бері Түркістан облысында 186  жол-көлік оқиғасы болып,  48 адам қайтыс болды, тағы 260 кісі дене жарақатын алған. Ал, жергілікті жолдарда апат саны 41 процентке азайған.  Оқиғалар көбіне Төлеби, Келес, Ордабасы, Сайрам аудандарында болған дейді полицейлер. Осы мәселе облыс әкімімен өткен отырыста талқыланды. Мамандардың сөзінше, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің  қарапайым жол ережесін сақтамауы жол апаттарына басты себеп болып тұр. Сондай-ақ жол көлік оқиғаларына үй жануарларының қараусыз  жолға шығып кетуі де себеп болады екен. Сондықтан полицейлер жол жиектеріне қоршаулар қою керек деп есептейді. Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы аудан, қала аралық жолдардағы жағдайды сынға алып, қауіпсіздікті  күшейтуді тапсырды.