Елімізде бір аптада 2500-ден астам қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті. Айтуынша, оның 1655-і тәулік ішінде ашылған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері шұғыл түрде 14 кісі өлтіргенді, 26 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан. Сондай-ақ, аталған ведомство өкілі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға SMS хабарлама жіберу жалғасып жатқанын айтты. Айта кетсем, бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту беріледі. Егер 1 айдан асып кетсе, 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
️