Тоқаев Корея президентіне көңіл айтты

146
01.11.2022 05:59

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хеллоуінді тойлау кезінде 154 адам қаза тапты. Мерт болғандардың 19-ы шет ел азаматы. 

Қайғылы оқиға Итэвон ауданында болған. Хэллоуинді тойлау үшін 100 мыңнан аса адам ел астанасының орталығындағы Гамильтон қонақүйі маңындағы тар көшеге жиналған. Басым бөлігі 20-25 жастағы адамдар. Жұрт сығылысып, бірін-бірі таптап кетуіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Әлеуметтік желілерге тараған видеоларда төтеншеліктер зардап шеккен адамдарға жүрек-өкпе жаттығуларын жасап жатқанын көруге болады.