"Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бәрі талапқа сай жылумен қамтылуы керек" бұл облыс әкімі Дархан Сатыбалдының апталық аппарат отырысында айтқан сөзі. Әкімнің берген тапсырмасы тиісті деңгейде орындалып жатыр ма? Облыс орталығында қолданысқа берілген жаңа тұрғын үйлер жылыту маусымына қаншалықты дайын? Тілші репортажынан көріңіздер.
«Жылудың берілуі мұңға айналды. Жылыту құралын қосып, бір бөлмеге қамалуға мәжбүрміз». Бұл жаңа қала ауданындағы нөмірі 29/1 үйдің тұрғындарының жан-айқайы. Айтуларынша берілгеніне 1 жылға таяған үйдің проблемалары шаш-етектен. Басты проблема-жылудың дұрыс берілмеуі.
Ақбота Нахан арманымдағы пәтеріме 2021 жылдың желтоқсан айында қол жеткіздім дейді. Алайда көптен күткен пәтеріне тек көктемде ғана көшіп кірген. Себебі өткен жылыту маусымында бұл үйге жылу берілмеген көрінеді. 3 баланың анасы биыл да жылуға жарымаймыз ба деп қорқады.
АҚБОТА НАХАН-ТҰРҒЫН - Күздің басталғанына бір ай болды. Әлі күнге дейін жылу жоқ. Үй салқын. Бала-шағам сырт киіммен жүруге мәжбүр. Обогреватель қосып отырмыз. Уже балалар да ауырып бастап жатыр. Әлі күнге дейін жылудың мәселесі шешілген жоқ.
Жылусыз үйде жаураған жандарды мазалаған тағы бір өзекті мәселе-жылыту құрылғыларының жарылып, үйдің әр қабат
️