Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сот үкімі шықты

342
31.10.2022 04:39

Екі жылға жуық уақыт тергеуде болған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты. Экс министр санитарлық авиацияны пайдалану ісі бойынша кінәсіз деп танылды. Ал Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4-бөлім, 3-тармақ бойынша тағылған айыпқа сәйкес, Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов Біртановты 5 жылға бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады. Ал бұрынғы денсаулық вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Оларға мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойы тиым салынады. Айта кетсем, Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Осы платформа бойынша орындалмаған жұмыстың құны 4,5 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге деп танылды.