Өңірімізде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына жасаған сапарында осылай деді. Аймақ басшысы, аудандағы жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне қатысты. Халықпен кездесу барысында алдағы уақытта бірнеше мектеп салынатынын атап өтті. Кездесуден соң өңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Төле би ауданында жаңа өндіріс орнын ашты. Жаңа цехта жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын ерекше қоспа өндіріледі. Зауыт жылына 200 мың тоннадан астам өнім шығаруға қауқарлы. Жоба құны – 550 млн теңге.
Сапар барысында өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады. Ауыл халқы көбіне жер, жол, ауыл шаруашылық тақырыптарын қозғады. Сондай ақ, инфрақұрылым жайы мен мектеп мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Мәселен, төлебилік шаруа субсидия мәселесін көтерді. Ол таулы өңір халқының басым бөлігі қымыз шаруашылығымен айналысады. Дегенмен, қаржының қарастырылуы көңіл қуантпайды. Тіпті 2 жылдан бері субсидия бөлінбегенін айтты.
Тұралап тұрған субсиядия жайына Дархан Амангелдіұлы жауап берді. Ол мұндай мәселе тек осы өңірде емес, басқа аймақтың шаруаларын да алаңдатып отырғанын айтты.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Бұл сұрақты Бәйдібек ауданына барғанда да қойған еді осы мәселені. Мен басқа облыстарға қайдан бөлініп отырғанын білмеймін. Бірақ 2019 ға дейін біздің облысымызда да бөлініп отырған. Егер де оған менің құзырым болса субсидия бөлуге біз қарастырайық. Мына басқарма басшысымен бірге. Жалпы тек Төлеби ауданын ғана емес, барлық ауданды қамту керекпіз.
Жүздесу барысында «Жайлы мектеп жобасы» да сөз болды. Аталған жоба аясында Төлебиде бірнеше мектеп салынбақ. Атап айтқанда, леңгір, Бірінші мамыр мен Достық ауылдарында. Одан өзге, Көксәйек пен Қосағаштық тұрғындар үшін білім ошағын салу жоспарлануда.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Бюджет есебінен айтатын болсақ 200 орныдық номер 16-шы мектептің құрылысы жүргізілуде. Амангелді көшесі леңгір қаласында. Бұл жоба іске асырылып ағымдағы жылдың қорытындысымен пайдалануға береді деп жоспарлап отырмыз. Ұйымшыл елді мекенінде 1 мектептің құрылысы және мәдени Қаратөбе елді мекенінде 2 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мынау Астана қаласында жеке меншік мектептер болған. Сол жеке меншік мектептердің тәжірибесін қолданып, Жайлы мектеп деген жоба бастайын деп отырмыз.
Облыс әкімі жалпы кездесуден соң, тұрғындарды жеке қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Сапар барысында Дархан Сатыбалды аудан кәсіпкерлері өндірген тауар көрмесін тамашалады. Бүгінде мұнда 100-ге жуық тұрғын мемлекет қолдауымен өз бизнес идеяларын жүзеге асырған. Одан өзге, «Арадагерлер үйінің» тыныс-тіршілігімен танысты. Ардагерлермен жүздескен өңір басшысы олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
️