Биыл еңбек заңнамасын бұзған 66 нысан анықталып, олардан 5,6 млн теңге өндірілген

224
28.10.2022 03:59

Биыл еңбек заңнамасын бұзған 66 нысан анықталып, олардан 5,6 млн. теңге өндірілген. Бұл туралы Түркістан облысы  еңбек инспекциясы басқармасының басшысы БЕРІК ИБАДУЛЛАЕВ мәлім етті. Облыста айлық мәселесіне қатысты 2 еңбек жанжалы болған. Оның бірі «Ақ-Жол» ЖШС-гінде 752 жұмысшы бірнеше айлап уақытылы жалақы алмағанын айтып шағымданған. Жұмысшаларға 232,4 млн. теңгеге төленіпті.  Сондай-ақ,  жұмыс орындарын негізсіз қысқарту жайттары да кездесіп тұрады - дейді басқарма басшысы. 

БЕРІК ИБАДУЛЛАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Жыл басынан 4 кәсіпорында 1258 жұмыскер алдында 324,7 млн. теңге жалақы қарызының орын алғанын анықтадық.Жоғарыда аталған мекемелерге 647,5 мың теңге  әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілді. 

9 айда 35 жазатайым оқиға болған.  Салдарынан 36 адам түрлі дене жарақатын алып,  3 адам оқиға орнында  көз жұмды. Облыста әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиялардың жұмысы күшейтілді. Соның арқасында еңбек дауы көп туындайтын 25 кәсіпорын анықталған.