Шаруаларға шұғыл көмек керек

198
16.06.2021 21:59

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облысындағы малына жем-шөп таба алмай қиналған шаруалардың жайы Мәжіліске жетті. Депутат Еділ Жаңбыршин осы аймақтардағы жұтты төтенше жағдай деп танып, оларға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс дейді.Қазір Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстауда жауын-шашынның нормадан аз түсуі ауыл шаруашылығына саласына салмақ салып отыр. Түркістан облысындағы жағдай да мәз емес. Жергілікті шаруалардың қазіргі жағдайымен тілшіміз Дана Сүлеймен танысып келген еді.