Түркияда халықты короновирусқа қарсы вакциналау күннен-күнге артып келеді. Қазір бұл елде күніне бір миллионнан астам адамға екпе салынуда.Бүгінге дейін халықтың тең жартысынан астамына, яғни 37 млн адамға вакцина егілді. Маусым айының соңына дейін 35 жастан асқан азаматтардың барлығына екпе салып бітеміз деді елдің Денсаулық сақтау министрі. Осылайша жалпыхалықтық иммунитет қалыптасуы тиіс. Айта кету керек, халықтың вакцина салдыруда белсенділігі жоғары. Көптеген емханаларда екпе салдырғысы келетіндер кезек күтуге мәжбүр. Дегенмен Түркияда вирустың таралуы күн өткен сайын азайып келеді. Соңғы күндері бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны бес мыңнан сәл ғана асады. Бұл – жыл басынан бергі ең төмен көрсеткіш.
️