Қазақстанда коронавирустың үнді штамы анықталған жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, арнайы талдамалық зерттеулер тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Министр еліміздің денсаулық сақтау жүйесі әртүрлі сценарийлерге дайын деп сендірді. Сондай-ақ көршілес елдердегі жағдай жіті бақылауда екен. Қазақстанға келетін кез келген мемлекеттің азаматтарына ПТР-тестсіз ұшуға тыйым салынған. Шекарада карантин қатаң.
️